2019 жылдың 21 ақпаны күні біздің мектептің 5-7 сынып оқушылары арасында «Мы за здоровый образ жизни» атты үгіт бриагадалар конкурсы өтті. Конкурс мақсаты – оқушылардың белсенді өмірлік тұрғыларын қалыптастыру, өз денсаулығын қадірлеу және өз қылықтары мен тәртібі үшін жауапкершілікпен қарауға баулу. Қатысушылар алдында: белгіленген уақыт ішінде ( 5 минутке дейін) белгілі тақырытпы сахналық түрде жан-жақты ашып көрсету тәрізді күрделі міндет тұрды. Конкурсқа 8 команда қатысты. 7 «Б» сыныптың «Чемпион» командасы шығармашылық, бастамашылық пен жарқындық танытып, өз міндетін табыспен атқарды және нәтижесінде 1 орын иеленді. 5 «А» сыныптың «Позитив» командасы мен 5 «В» сыныптың «Здоровье» командасы олардын бірнеше ұпай ғана қалып жақсы өнер көрсетті. Бұл командалар 2 орынды өзара бөлісті. 6 «А» сыныптың «Адреналин» командасы 3 орынды қанағат тұтты. Сонымен қатар, 6 «В» сынып оқушысы Оразхалиев Дидар бірегей шығармашылық қабілеті үшін грамотамен марапатталды. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз, келешек жетістіктер тілейміз!