Ана тілі күні қарсаңында, 21 ақпан күні 4-ші сыныптардың оқушыларымен Атбасар қ. өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында балалар туған өлкесінің өсімдікртер, жануарлар дүниесімен, туған қаласы мен өлкесінің қалыптасу және даму тарихымен танысты. Оқушыларды қолданбалы-шығармашылық өнер экспонатары таңдандырды, қазақ, орыс халықтарының киіз үйімен, оның жабдықтарымен танысты, үй тұрмысында қоланылатын заттарды, алғашқы адамдардың тұрмысын тамашалады. Атбасар қ. танымал азаматтарының өмірлерімен, тарихымен танысты. Мұражай қызметкерлері Ана тілі күніне орай, «Умники и умницы» қызықты викторинасын өткізді. Балалар «Победители» және «Космос» атты екі командаға бөлінді. Викторина барысында оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, фразеологизмдердің мәнін түсіндірді, берілген сөзден жаңа сөздер құрастырды, жаңылтпаштар айтты, сөз таптары туралы жұмбақтар шешті, сөздерді қазақ және ағылшын тілдеріне аударды, логикалық тапсырмаларды орындады. Балалар ойындарға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білетінін көрсетті. Нәтижесінде достық жеңді! Ерекше көзге түскен оқушылар: Лебедев Никита, Сосковец Марина, Бородин Глеб, Ткачук Мария, Шумилина Дарья, Муканова Даяна, Колесникова Анастасия, Швидкий Дмитрий, Глущенко Максим, Комбатурова Саида, Черевко Валерия. Шара соңында мұражай қызметкерлері балаларға шағын сыйлықтар тапсырды.