Творчество заразительно.
Распространяйте его.
Альберт Энштейн
Тұрмыста жиі кездсетін босап қалған пластик бөтелкелерді қалайша пайдалануға болады ? Иә, олар сан алуан түрлі – үлкен-кіші, газдалған судан және ауыз судан, кетчуптан, су сабыннан, кремнен босағаны …
Әдттет көбіміз пластик бөтелкелерді еш ойланбастан қалдықтар ыдысына лақтырып жібереміз. Сөйтсек, бұл бекер екен! Бір қарағанда осыншама пайдасыз болып қалған ыдыстардың өзін де тиімді пайдалануға болады екен. Егер қиялыңыз кең болса, қол өнерінің ең шамалы деген дағдысын меңгерген босаңыз, сіздің қолыңызға түскен кез келген пластик бөтелке керемет өнер туындысына айналатыны сөзсіз. Біздің мектептің түрлі идеялармен шабыттанған оқушылары өз қолдарымен түрлі туындылар жасауға кірісті. 5 «Б» сынып оқушысы пластик бұйымдардың сәні болған керемет сегіз ақты жасады. 5 «А» сынып оқушылары маңайында көңілді көлбақалар орналасқан, қамысты тынық тоған түріндегі композиция құрастырды. Ең жақын адамға өз қолыңмен сыйлық жасау - өте толқынысты және тамаша сәт. Сорокин Данил «Подарок маме» атты көктемгі гүл шоқтарына көптеген күшін, талпынысы мен шыдамдылығын жұмсаған. Ерекше гүл композицисы 8 наурыз Халықаралық күніне орай аналарға арналған қайталабас сыйлық болмақ. Нағыз шебердің қолында пластик бөтелкеге де «жан бітеді». Біздің осы жобамыз балаларды өз қолдарымен жасалған керемет туындылардың қайталанбас әлеміне қызығушылықтарын арттырып, еліктіреді деген ойдамыз.