Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан Республиксындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарғыға өзгертулер енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. 1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстанда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығын атап қту кезінде Мемлекет басшысы бұл күнді Алғыс айту күні деп белгілеу туралы ұсыныс жасады. Бұл күні сонау, зұлмат кезеңде қазақ жеріне жан-жақтан департацияланған барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға көрсеткен шыдамдылығы мен қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдіре алады. 26 ақпан күні «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММде «Благодарность не знает границ»атты сынып сағаты өткізілді. Бұл тақырыптық сынып сағаттардың мақсаты – білім алушылардың бойында мәдени құндылықтар мен адами түсіністік, сыйластық пен шыдамдылық, өзге ұлттарға құрмет пен алғыс білдіру сезімдерін қалыптастыру және жалпы саяси дүниетанымдарын дамыту болды.