Текст
1 наурыз күні «Айналайын» шағын –орталығында «Мәңгілік елім менің» атты тәрбие сағаты өтті.
Әрбір адам үшін ең асыл қазына отанын,туған елін сүю. «Мәңгілік елім менің» атты тәрбие сағатын, балалар ән ұранымызмен бастап, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін ән,тақпақ жолдарымен жеткізді. Ал қыздарымыз «Қамажай» биін биледі. Алдыға қойған мақсаты бар,ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр мәңгілік еліміз жасай берсін деп, жақсы көңіл күймен тәрбие сағатын аяқтады.
Шағын орталық тәрбиешілері