8 наурыз–Халықаралық әйелдер күні қарсаңында № 1 орта мектептің кітапханасында еліміздің тарихында қайталанбас із қалдырған қазақтың әйгілі әйелдерінің портреттері ілінген иллюстрациялы көрме ұйымдастырылды. «Қазақстанның әйгілі әйелдері» деп аталған фото –көрме әр түрлі тарихи кезеңде өмір сүрген, өз сұлулығымен, батылдығымен, шексіз талантымен тәнті еткен адамдар туралы сыр шертті. Даланың қыздары қызғалдақтар тәрізді бірінен өткен бірі көркем, сұлу, келбетті, қайталанбас тұлға, өмірі мен тағлыры ерекше өнегеге толы, жандар. Еліміздің жаужүрек қыздары Отанын жаудан қорғады, талантты қыздар өздерінің қайталанбас өнерімен әлемді тәнті етсе, спортшы мықты қыздар жеңісстерімен жұртты таңдандырды, шығармашыл қыздар өнер шеберліктерімен тамсандырды.
Әйелдің шынайы сұлулығы мен оның тарихи маңыздылығы: адамзат баласының игілігі үшін бейбітшілік, мейірімділік, қайырымдылық әкелуінде.