«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының теориясы мен тәжірибесі

13.03.2019

12 наурыз күні Атбасар қ. № 3 орта мектебінде: «Теория и практика профориентационной работы» атты облыстық семинар – мәжіліс өтті. Бұл шараға Атбасар, Жақсы, Жарқайың аудандары білім бөлімдерінің, Атбасар қ.  аграрлық-индустриалдық колледжі, Көкшетау қ. жоғары медициналық  колледжінің өкілдері, кәсіптік бағдар беру үйлестірушілері  мен  мектеп  оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, Атбасар аудандық ішкі саясат бөлімінің жанындағы жастар ресурстық орталығы, Атбасар ауданы Кәсіпкрлер палатысының өкілдері де болды. Семинардың мақсаты: «Мамандықтар автобусы» жобасын жүзеге асыру мақсатында тәжірибе алмасу.   

Жиналғандар назарына кәсіптік бағдар беру кабинетінің   презентациясы ұсынылды. Педагогикалық еңбек ардагері Саутбекова Роза Рахимовна  ұстаз мамандығының ерекшеліктері, педагогикалық шеберліктің қайталанбас бірегейлігі туралы айтты. Дәрігер – дерматолог Сыздыкова Дина Бахытовна өз мамандығының қыр-сырымен таныстырды. ТЖБ кіші лейтенант Нурпеисов Мейрам Максатович өз мамандығы жайлы сыр шертті. «Престиж» ЖК шаштаразы Колесниченко Ольга Сергеевна өзінінің шығармашыл кәсібі жайында ой бөлісті. Жиналғандар назарына оқушылар мен мұғалімдер жұмыстарының шығармашылық көрмесі ұсынылды. Біз осы мектептің мұғалімдері ұйымдастырған тренинг пен мастер – классқа қатыстық. Семинар соңында Атбасар қ. аграрлық - индустриалдық  колледжінің мамандықтар туралы қойылым-презентациясы көрсетілді. Семинар қорытындысы шығарылды, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.                                                                                         

Бакиянова К.К.

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст