Жазушы Юрия Васильевича Бондарева (15.03.1924ж.) № 1 ОМ кітапханасында «Отвага и мудрость таланта» атты суретті көрме ұйымдастырылды. Жазушы 1924 жылы 15 наурызда Орынбор облысының Орск қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірісімен өзінің құрастары тәрізді Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сұм соғыстың зардабын мойнымен көтерген адам. «Горячий снег», «Берег», «Выбор», «Батальоны просят огня» тәрізді көптеген танымал романдар мен повестердің авторы. Ол соғыстың қиындығы көріп, бар өмірі «соғыспен шыңдалған, шыныққан, шымырланған» ұрпақтар қатарында. Бондарев шығармаларының көпшілігі соғыс туралы. Бондаревтың барлық шығармалары соғысқа, оның адам жанына келтірген қасіреті мен зардабына деген наразылық. Жазушы біраз шығармаларын соғыстан кейін жазған. Әдеби шығармашылығы мен кәсіби шеберлігі үшін автордың алған наградалары мен сыйлықтары бар. Оның шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған.