Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар! деп 15 наурыз күні «Айналайын» шағын –орталығында «Қош келдің, Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Наурыз мерекесінде Қыдыр ата мен әже келді. Қыдыр ата балаларға бата берсе, ал әжеміз тойдың бетін шашу шашумен бастады. Балалар тақпақ, өлеңдерін айтып, мың бұрала биледі. Қыздар «Қамамжай» биін билесе, ұлдар «Жігіттер» биін биледі. Наурыз мерекесінде балалар ұлттық ойындарды ойнап тойды қыздыра түсті. «Асық ату», «Қыз қуу», «Қол күрестіру», «Арқан тарту» ойындарын ойнады. Қыдыр ата өмірге келген сәбиге ат қойып, Ал әжеміз оны бесікке салу дәстүрін көрсетті. Келген қонақтар наурыз көжеден ауыз тиіп жақсы тілектер айтылып, көңілді күймен аяқталды.
Шағын-орталық тәрбиешілері