Жанұя–бір-бірін жақсы көретін, бірінен бірі өнеге алатын, бір-біріне қамқор болатын, бақыт пен мейірім тілейтін ең жақын, әрі туысқан адамдар. Отбасы болу –бақыт. Әкең, анаң бар, жылы да жайлы үйің бар. Отбасы – бұл жылуын шашқан ошақ. Бұл барлық ізгіліктің бастамасы. 20 наурыз күні «Жанұя» отбасылық клубының жұмысы шеңберінде: «Тепло и свет родного очага» кезекті отырыс өткізілді.
Жиналыс бірнеше ақпараттық блоктардан құралды. Шара бейнеролик қараудан басталды. Топпен жұмыс жасай отырып «Бақыт үйінің іргесін қалады». Кабельдиновтар жанұясы өздерінің отбасылық жетістіктері туралы презентациясын ортаға салды. 8 «А» сынып оқушысы Кайроллаева Дәрия шежіресін айтып берді. «Тепло семейного очага» атты аңыз бақыттың тек қана жанып тұрған жылы ошақ қасында болатытын еске салды. Балалардың ата-аналарына жазған хаттарын тапсыру сәті аса толқынысты болды. Ата-аналарға жауап хат жазу туралы ұсыныс жасалды. Жиналыс «Берегите своих детей» әнін орындаумен және рефлексиямен аяқталды.
Отбасы ошағы – қуаныш пен қайғыңа ортақ, жұмыстан асыға күтетін, түскі ас дайындап күтіп отыратын, құттықтайтын және сені құттықтайтын, бір-біріне тілекші, жанашыр қымбат жандардың ортасы. Бұны басқа еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес, және де ол барша жанға қажет!