26.03.2019
2019 жылдың 26 наурызы күні 9 «А» сыныпта «Белая Ладья» шахмат-дойбы турнирі өткізілді.
Шараның мақсаты:
• оқушыларды шахматтың шығу тарихымен таныстыру;
• жаңадан келгендерге шахмат фигура лары туралы түсінік беру;
• үстел үстіндегі ұлттық ойындарға қызығушылыққа баулу.
Шараны өткізу сценарийі тәрбиелік мақсаттары мен міндеттері көрсетумен, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрылды. Шараға дайындық барысында оқушылар жас шахматшы қыз туралы, шахматтың шығу тарихы туралы бейнероликтер іріктеуде белсенділік, дербестік, бастамашылық танытты. Конкурсқа оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, шахматтық міндеттер мен комбинацияларды қабылдауға арналған қызықты шахматтық викториналар енгізілді. Сыныптың барлық оқушылары шараны дайындау мен өткізу жұмыстарына жұмылдырылды.
Осындай, бір қарағанда қарапайым көрінетін, шахмат ойнау кезінде қаншама сыр, жылылық жатыр десеңізші. Топтарға бөлінген балалар: дойбы, шахмат және тоғыз-құмалақ тәрізді үстел үстіндегі ойындарда жарысты. Шара соңында қорытынды шығарылды. Турнир қызықты, әрлі, жылдам өтті.
Сынып жетекшісі: Гейнц Н.А.