Текст
Көктемгі мереке қарсаңында Атбасар қаласының "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" КММ, мектеп кітапханашысы Д.А. Қоңырбаева Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрлері, Қазақ ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар, журналдар қойылды. Наурыз-көктем мерекесі. Бұл жаңа өмірдің басталуын, адамдардың бірлігі мен достығын білдіреді.
