Жабай өзенінің жағасында шағын әдемі Атбасар қаласы орналасқан. Өзінің тарихы мен көрнекі жерлерімен бай, Ілияс Есенберлиннің ескерткіші туралы айтқым келіп тұр. Ілияс Есенберлин – қазақ жазушысы, қазақ халқының өмірі мен қалыптасуы туралы «Көшпенділер», «Алтын Орда» эпопеясының және басқа да шығармалардың авторы. Оның кітаптары Еуропаның көптеген тілдеріне аударылған. Ескерткіш 2015 жылы 18 қыркүйекте жазушының 100 жылдық мерейтойында тұрғызылған, ескерткіш Атбасар қаласының бас алаңында орналасқан және оны жергілікті мүсінші Леонид Седлецкий жасаған. Тұғырдың биіктігі – 3 м, ескерткіштің өзі – 2,5 м.Сонымен қатар қалада І.Есенберлиннің мұражайы бар, онда жазушының жеке заттары, фотоқұжаттар, отбасылық фотосуреттер, музыкалық аспабы және түрлі тілдегі кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, кеңсенің ішкі көрінісі қайта жасалды. Мұражай қорында бірегей жазба – жазушының жанды дауысы, «Мұхитты кесіп өткен қайық» кітабының қолжазбасы, сондай-ақ белгілі қазақстандық жазушылардың қолтаңбалары бар кітаптар жинағы сақтаулы.