«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті

 

 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған, қазақ әдебиетінің  детективтік оқиғалар жанрының негізін қалаушы. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген. 
Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын (1975), Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1992) бітірген. 
Еңбек өтілі
1975 жылдан 1979 жылға дейін — КСРО Сыртқы істер министрлігінің кезекші референті, кезекші референт, Сингапурдағы КСРО елшілігінің референті.
1979 жылдан 1983 жылға дейін — КСРО Сыртқы істер министрлігінің аға референті, атташесі, үшінші хатшысы.
1983-1984 жылдары — Пекиндегі Қытай тілі институтының стажері.
1984-1985 жылдары — КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы.
1985 жылдан 1991 жылға дейін — Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1994-1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
1999 жылы — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.
1999-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы, премьер-министрі.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер министрі.
2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы үшінші шақырылған Парламенті Сенатының депутаты, төрағасы.
2011 жылдан 2013 жылға дейін — БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің басшысы.
2013 жылдың 16 қазанында ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды.
2017 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Халықаралық қарым-қатынас   проблемалары бойынша  10 кітаптың авторы.
Қазақстан Республикасының  және шет елдердің  бірнеше мемлекеттік  наградаларымен марапатталған: “Қазақстан Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев” (2004), “Парасат” (1996), Достық (РФ) (2004) ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ Князь Ярослав Мудрый III дәрежелі орденімен марапатталды (Украина, 03.2008). Қазақ, орыс, ағылшын, француз  және қытай тілдерін еркін меңгерген. 
Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 16.11.2022 11:31

Текст