Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда оқушылармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың заңды жалғасы ретінде, тіпті оның белгілі бір мағынада логикалық қорытындысы ретінде де әрекет етеді. Мамандық таңдауда жан-жақты көмек көрсету оқушының оқу іс-әрекетінің әдістемелік нұсқауларын жасап, ұйымдастырып қана қоймай, болашаққа деген сенімін арттырады. 20 сәуірде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 1жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы кәсіптік көпсалалы инновациялық
колледжінің өкілі кәсіптік бағдар беру бойынша бітірушілермен кездесу өткізді. Түлектерге колледждің артықшылықтары туралы жан-жақты айтылды, барлық мамандықтар бейнеролик арқылы көрсетілді. 9-сынып оқушылары оқуға түсуге байланысты өз сұрақтарын қойды.