Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепте адамгершілігі жоғары, жауапты, іскер және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында жыл басында , 9-11 сынып оқушыларының арасынан «Адал ұрпақ» клубын құру туралы бұйрық шығарылды. Үйірме меңгерушісі болып тарих пәнінің мұғалімі Ж.М.Идрисова тағайындалды. «Адал ұрпақ» клубының 2022-2023 оқу жылына арналған үйірме жұмыстарының жоспары құрылып, бекітілді. Бұл клубтың негізгі міндеті – мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды ынталандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шараларды ұйымдастыруға қатысу. «Адал ұрпақ» ерікті клубы бөлімдерден тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-шығармашылық, мәдени іс-шаралар.