«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп әдістемелік бірлестігінің қызметі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері

14.11.2022

Бүгінгі күні, жаңартылған білім беру жағдайында білім алушылардың дайындық деңгейін арттыру факторы ретіндегі мектеп әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстары аса маңызды. №1жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жұмысы ең алғашқы кезекте білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін педагогтардың өзіндік білім алуы мен біліктіліктерін арттыруға бағытталады. Өз
пәнін білумен қатар, заманауи білімдік ортада емін-еркін бағдар таба алатын мұғалім болашақ түлектердің табыстылығының кепілі. Әдістемелік бірлестік отырыстарында педагогтар нормативтік- құқықтық құжаттарды,нұсқау-әдістемелік хатты,оқу және жұмыс бағдарламаларын зерделейді, оқушылармен жеке жұмыстарды жоспарлайды,нақты жетістіктерге жетуге бағытталған әдіс-тәсілдерді таңдайды. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға қатысуға, ғылыми- зерттеушілік жобалар жазуға дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарады. Бұл жерде педагог мәртебесін көтеруге тікелей қатысы болғандықтан, оқуға ынталарын арттыратын аталмыш шараларға қатысу әр мұғалім үшін маңызды. Орыс тілі мен әдебиеті пәндік әдістемелік апталығын оқушылардың ынтасын арттыратын ерекше бір айшықты шара ретінде жоспарлап ұйымдастыру әдістемелік бірлестікте қаралатын маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар,өзара сабақтарға қатысу,оны талдау,сараптау мәселелері бойынша жұмыс жүйелі жүргізіледі. Бұл үдеріс оқу материалын дұрыс жеткізу деңгейін бағалауға, келесі сабақтарды оқу мақсаттарына сай сауатты жоспарлауға көмектеседі. Сөйтіп, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында қойылған мақсаттарына жоспарлы түрде қол жеткізеді және өз қызметін бәсекеге қабілетті табысты тұлғаға бағыттайды.  
А.Щербак, ӘБ жетекшісі.

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.11.2022 17:44
Құрылған күні: 29.03.2024 01:12

Текст