«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражай

17.04.2019

Мұражай- өткен мен бүгінгі тоғысатын орын. Мұражайда талай уақыт бұрын болған, тарихта, жер қойнауында сақталып  қалған   өткен күннен қалған үлкен тарихи және мәдени маңыздылығы бар, құндылықтар сақталады.  Сондықтан мұражайға барған адамдар ерекше бір тылсым күшпен, кереметпен, қызықты оқиғалармен, тарихпен кездескендей әсерде болады.

13 сәуір күні Атбасар ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балалар  Бурабай ауданының  ашық аспан астындағы  «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайына саяхатқа  барды.  

Бұл - диа­метрі  8–10 м. болатын,  Ботай дәуірінің 7 құрылысынан құралған , бірегей архитектуралық-мәдени ансамбльден  тұратын   керемет нысан. Біздің ежелгі бабаларымыздың үйлері  1 м. котловандарда қаланып, аңдардың терісімен жабылған төбесіне ағаш  күмбездер  орнатылған екен.  Мұражайдағы бұл тұрғын үйлер жер асты жолдар арқылы  өзара қосылған. XX ғасырдағы керемет археологиялық жаңалық –ботай мәдениетінің  авторы   –  отандық ғылымның көрнекті қайраткері, археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі  Виктор Зайберт.  Тарихтағы осы кезеңді   ол Сотүстік Қазақстан аумағындағы  жабайы жылқыларды  қолға үйрету кезеңі  ретінде ерекше атап көрсеткен. Бұл  факті халықаралық ғылыми қауымдастықпен де мойындалды. Ботай мәдениеті заманауи дамудың бағыты мен қарқынын анықтаған,  дала өркениетінің өзіндік  матрицасына  айналды. Оқушылар әңгімені қызыға тыңдап, жадігерлерді тамашалады.  Балаларға «Орталық   үй-жай Көсемнің үй» керемет ұнады.  Олар саяхаттан алған  естеліктерін  көпке дейін сақтау үшін,   көсемнің тағына отырып суретке түсті. 

Қайтар  жолда балалар  республикалық маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіш  болып табылатын Көкшетау қ. тарихы  мұражайына барды. Көкшетау қ. тарихы мұражайы  2000 жылы ашылған. Мұражайдың шағын  5залында  Көкшетаудың  1824 жылы қалыптасқан уақытынан бастап күні бүгінге дейінгі өткені мен бүгіні жайлы тарихы  хронологиялық ретпен баяндалып, көрсетілген.  Экспозициялар   19 - 20 ғасырдағы  Көкшетау, оның тарихы, мәдениеті,  экономикасы мен  өндірісінің қалыптасуы, денсаулық сақтау және білім беру саласы жайлы, қаланың өркендеуі мен дамуына үлес қосқан маңызды, атақты адамдар туралы сыр шертеді.  Мұражай қорында  16мыңнан астам  экспонат бар. Мұражай экспонаттары өткен дәуірдің   бейнелерін қиялда жандандаруға көмектеседі. Әр экспозицияда өзінше сөйлеп, сыр шертіп тұрған  экспонат бар. Олардың бәрі рет-ретімен қойылған, нақты, дәл атаулары жазылған, кейбіреулерінде  жан-жақты коментарийлер де бар. Мұражайға барғанда саяхат жүргізушісіз оны танып білу мүмкін емес. Саяхат жүргізушініің қызықты әңгмелерінен барлық сырды біліп, тарих тереңіне бойлап шыққан балаларға бұл сапар қатты ұнады. Көз алдында өткен мұражай экспонаттарынан, өздері естіген тарихи әңгімелерден, деректерден алған әсерлері олардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Бүгінгі өткенмен тығыз байланысты. Тарих тамыры тереңде жатыр, сондықтан заманауи өмірді білу үшін, тану үшін  өткенге үңілуден, тарихпен танысудан бастаған дұрыс.

Нургалиева К.С.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.04.2019 13:49
Құрылған күні: 17.04.2019 14:12

Текст