Текст
2023 жылдың 17 қаңтарында «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Шаңғы жолы шақырады» атты шаңғы жарысы фестивалін өткізуді жалғастыруда. Бұл шаңғы спортын насихаттау және одан әрі дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздейді. Шаңғымен сырғанау қауіпсіздігі ережелері сақталады. Балалар шаңғымен бар ынталарымен қуана сырғанайды және бойларын сергітіп, қуат алады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тугова Л.А.