Текст
Таза ауадағы және үстел үсті ойындары-баланың дамуы үшін танымын, ой-өрісін дамытудағы маңызды процестер болып табылады. Жазғы маусымда балалардың қимыл-қозғалыстары ерекше белсенді, қызығушылықтары шексіз, танымдық құлшыныстары артады.Олар , ойнағанды ұнатады, қарым-қатынас жасауға және жаңа ақпаратты игеруге ашық. Сондықтан балалардың реакциясын, төзімділігін, қиялын, есте сақтау қабілетін, ептілігі мен ойлауын дамыту мақсатында "Прометей" аулалық клубында "Пионербол" ойыны өткізіліп, шахмат пен дойбы үстел үсті ойындары ұйымдастырылды.