Текст
2022 жылдың 11-14 қазан аралығында Жақсы ауданында бокстан облыстық ашық турнир өтті. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміның Атбасар қаласының №1 жылпы білім беретін мектебі» КММ 8 «Б» сынып оқушысы, бокстан бірінші санатты жаттықтырушы Серекпаев Рамазан Сабиржанұлының жетекшілігімен жаттығушы, спорт және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі болып табылатын Пигал Наталья осы турнирге қатысып, бірінші орынды иеленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Педагогикалық ұжым мен оқушылар өз жеңімпазын мақтан тұтады және оған одан әрі табыстар мен жеңістер тілейді.