Курстан кейінгі сүйемелдеу - қазіргі мұғалімнің педагогикалық құзыреттілік деңгейін жүйелі түрде арттыру-оның педагогикалық қызметін жеткілікті жоғары деңгейде жүзеге асырудың, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізудің қажетті шарты.
2024 жылдың 13 мамырынан бастап қазақ тілі мұғалімдері М.И. Жакупова, К. Д. Кайрбекова "Өрлеу" БАҰО жанындағы Біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, аталған курстардың мақсаты педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттілігін дамыту, тәжірибеде қолдау болып табылады. Курстарды аяқтағаннан кейін курстан кейінгі сүйемелдеу жоспары жасалады . Курстан кейінгі кезеңде мұғалімдерге сүйемелдеу көрсете отырып, тәжірибе өзінің әлеуетін дамытуға және толық іске асыруға оң әсерін көрсетті.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының нәтижелері мұғалімдердің кәсібилігі деңгейіне және олардың шығармашылық даралығының дамуына тікелей байланысты.