Текст
№3 жалпы білім беретін мектеп базасында Ақмола облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Қ. Рахметовтың, Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б. Әбдірахмановтың қатысуымен Атбасар ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы төрағаларының кеңесі өтті. Кеңес басталар алдында қатысушылар Атбасар ауданының білім беру қызметкерлерінің мұражайына барды.№1 жалпы білім беретін мектептің төрағасы Махаббат Иманғалиқызы Жақыпова бастауыш кәсіподақ ұйымында біздің мектептің кәсіподақ мүшелерін, педагогикалық еңбек ардагерлерін құрметтеу туралы баяндады. Кеңес соңында Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қ.С. Рахметов бастауыш ұйымдардың кәсіподақ жетекшілеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етті.