Текст
АИК аумағында «Прометей» аула клубының екінші маусымы жұмысын жалғастыруда. Аула клубының бағдарламасы ең алдымен оқушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Аула клубының қатысушылары үшін күнделікті қимыл, үстел және дамыту ойындары өткізіледі, бұл ойындарда балалардың жылдамдық, ептілік, жылдам әрекет ету дағдылары қалыптасады. Әрбір сабақтың міндетті кезеңі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық болып табылады. Сабақтар қызықты, көңілді және нәтижелі болып өтеді.