31 мамырда бастауыш сынып оқушыларына арналған Жазғы мектеп негізгі пәндер: сауат ашу, орыс тілі, әдеби оқу, математика, дүниетану, жаратылыстану пәндері бойынша өз жұмысын аяқтады. Апталық барысында бастауыш сынып мұғалімдері: Макажанова К.Г., Чернова И.Р., Смагулова Г.К., Пинчук Е.В.өткізді.Сондай-ақ оқуға деген ынтасын арттыру үшін мұғалімдер әр түрлі жұмыс түрлерін қолданды: жеке, жұптық, топтық, фронтальды. Тапсырмалар оқу бағдарламасына сәйкес, сонымен қатар оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдалды. Жазғы мектептегі сабақтар балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, әр оқушыға жеке көзқарас табуға мүмкіндік береді, пәндер бойынша білімін жетілдіреді және оқуға деген ынтасын арттырады.
Рыбинская М.П.
бастауыш сынып мұғалімі