Текст
Көктемгі мереке қарсаңында Атбасар қаласындағы «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектеп кітапханашысы Д.А. Қоңырбаева Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ халқының салт-дәстүрі, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдары туралы кітаптар, журналдар ұсынылған. Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.