Текст
24 шілде күні мектепішілік «Балапан» ойын алаңы өз жұмысын жалғастырды. Жігіттер «Локомотив» стадионында болды. «Спорт біздің өмірімізде» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында жігіттер спортпен шұғылдану адам ағзасына жақсы әсер етеді деген қорытындыға келді. Одан кейін оқушылар жаттығулар жасап, ашық ойындар ойнады.