Текст
Денсаулық-өмірдегі басты құндылықтардың бірі. Егер сізді ештеңе мазаламаса , Сіздің жақындарыңыз сау болғаны, демек, айнала жақсы, күн көрікті. Соңғы уақытта көптеген адамдар спортпен шұғылданады, дұрыс тамақтанады, белсенді өмір салтын ұстанады. "Балапан"мектеп жанындағы алаңға баратын балалар да олардан қалыс қалмайды. Бүгін 8 маусымда " Мықты бол және жең!" эстафеталары өткізілді,онда балалар түрлі спорттық жаттығуларды орындады. Кейін балалар "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"суреттер байқауына белсенді қатысты. Олар өз суреттерінде спортқа, шынықтыруға, дене шынықтырумен айналысуға, дұрыс тамақтануға, жаман әдеттерге деген көзқарастарын білдірді, адамдарды өз денсаулығына ұқыпты қарауға шақырды.
Тәрбиеші: А. К. Байқабұлова