«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебі» КММ « Мемлекттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ережелері негізінде білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін әр қызметтің ережелері бар, онда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі, ұсыну тәсілі және қажетті құжаттар көрсетілген. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.
2022 жылы Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебінде барлығы - 107 қызмет көсетілді,оның ішінде, «Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпарация арқылы - 33, электрондық нұсқада - 47, қағаз нұсқасында–27.
2021 жылы барлығы - 159 қызмет көрсетілді,оның ішінде, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы
- 4, электрондық нұсқада - 112, қағаз нұсқасында – 43.
Мейлінше қажетті мемлекеттік қызметтер:
Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен оларды көрсету ережелері туралы ақпараттар мектеп стендте орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардан арыздар келіп түскен жоқ.