Текст
    
                                
            2023 жылдың 5 қаңтарында Көкшетау қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті, оған Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері Рыбинская М.П. , Писклова С.Н. қатысты.Бұл олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Марина Петровна Рыбинская 1 орын иегері атанды, ал Светлана Николаевна Писклова облыстық олимпиадада сертификатпен марапатталды. 
Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз, үлкен шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!


