Оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін, мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем жасау үшін 5.06.2023 жылы Атбасар қаласындағы жалпы орта білім беретін №1 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен лингвистикалық алаңы өзінің жұмысын бастады.
Жұмыс барысында мұғалім жаңа технологияны қолдана отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытты. Бүгінгі сабақта балалар лингвистика алаңының жоспарымен, мақсат-міндеттерімен танысты. Мемлекеттік тіл жайлы әңгімелесіп, «Менің тілім-мемлекеттік тіл» атты пікірталас ұйымдастырылды. Мұнда балалар қазақ тілінің кешегісі, бүгінгісі, болашағы туралы өздерінің ойларымен бөлісті.
«Қазақ тілі» лингвистикалық алаңының мақсат – міндеттері:
Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын көтеру;
Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін ұғындырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу;
Қазақ тілінен алған білімдерін тереңдету, теорияны практикада пайдалана алу дағдыларын дамыту;
Шығамашылық қабілеттерінің ашылуына көмек беру;
Жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану;
Демалыс кезінде мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем жасау;
Әрбір баланың шығармашылық, қызығушылық, белсенділігін дамыту;
Мұражай және т.б. демалыс орындарына саяхат жасау арқылы, Отанға, табиғатқа, рухани-адамгершілік құндылықтарды игере білуге жағдай жасау;
Күтілетін нәтиже:
Балалар жазғы демалыс кезінде сабақтан тыс материалдарды қолданады;
Жаңаша көңілмен демалады, өзіне күш жігер жинап, білімін арттырады;
Басқа да балалармен қарым-қатынас жасайды, сыни ойлау қабілеті дамиды, жаңаша ақпаратпен толықтыруына жағдай жасалады.