2020 жылы 27 сәуір мен 10 маусым аралығында Ресей және Қазақстан колледждерінің оқушылары мен студенттері арасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған кеңестік және қазіргі заманғы авторлардың шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқудың халықаралық бейнеконференциясы өткізілді.
Конкурсқа қатысуға Ресей мен Қазақстанның алты шекаралас облыстарынан 150-ден астам өтінім келіп түсті. 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс шеруі өтетін күні жеңімпаздардың есімдері жарияланды.
Атбасар қ. № 1 ОМ оқушысы Дьяченко Дарья "Менің Жеңіс Шеруім-2020"Халықаралық мәнерлеп оқу байқауының 2 дәрежелі лауреаты атанғаны қуантады.
Дарья Лоры Тассидің "Дети войны"өлеңімен өнер көрсетті. Дарья актерлік шеберлікпен өлең тақырыбын жеткізді, сол қорқынышты соғыс оқиғаларының барлық трагедиясын ашты.
8 қазанда Көкшетау қ. ұйымдастыру комитетінің төрағасы Максим Крамаренко Дьяченконы марапаттау үшін Атбасар қ. № 1 орта мектебіне келді. Дьяченко Дарья дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Крамаренко Максим № 1 орта мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна мен 8"А" сынып жетекшісі Утеуова Асем Болатбековнаны алғыс хаттармен марапаттады.
Мектеп әкімшілігі Дарья Дьяченконы конкурдағы лайықты жеңісімен құттықтайды! Шығармашылық табыстар тілейді!
Ұлы Отан соғысы туралы естелікті сақтауға қосқан үлесіңіз үшін рахмет.