Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, мұғалімдерінің инновациялық - педагогикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурс өткізілді.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалықбайқауына қатысу үшінавторлық бағдарламаларконкурсқа жіберілді.
«Асық ойыны – асыл қазынамыз» Құрастырушы-автор: Дүйсенбі Назігүл.Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада ұлттық спорт ойыны асық жайлы қосымша терең түсінік, толыққанды ақпарат беру және жан-жақты сол ойынды терең игертудің әдіс-тәсілдері жайлы материалдар ұсынылады. Бағдарлама балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерге, жаттықтырушыларға арналған.
«Бала танымын дамытуға арналған белсенді әдістер» атты авторлық бағдарлама. Құрастырушы-авторлар: Дүйсенбі Назігүл мен Жакупова Айман Абдрахманқызы.
Ұсынылып отырған «Бала танымын дамытуға арналған белсенді әдістер» атты авторлық бағдарлама әдістемелік көмекші құрал балабақша тәрбиешілеріне арналған. Әдістемелік көмекші құрал тәрбиеленушінің шығармашылық қабілетін дамыту үшін құрастырылған және тәрбиешілердің педагогикалық капиталын дамыту ізденістеріне арналған. Онда балабақшада білім беру мен тәрбиелеудің жаңа жүйесіне сай дамытудың педагогикалық белсенді әдістері сұрыпталып беріліп, оны жүргізудің тиімді жолдары жан-жақты қарастылыған.
Конкурс бағдарламаларын іріктеу және сараптама жұмысын республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінен құрылған арнайы сараптама комиссиясы жүргізді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті «Қазақ тіл білімі» кафедрасының оқытушысы ф.ғ.д,. профессор Ж.А. Жақыпов, ф.ғ.к,.профессор Л.Ә.Еспекова және «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы п.ғ.к,. профессор Ә.Е.Ботабаева аталған еңбектерді «Асық ойыны – асыл қазынамыз» «Бала танымын дамытуға арналған белсенді әдістер» атты авторлық бағдарламаларды тәрбиешілерге көмекші әдістемелік құрал ретінде қосымша оқу үдерісінде қолдануға болады деген пікірлер білдірді
Авторлық бағдарламарлар мақұлдап, оқу үдерісінде пайдалануға болады деп шешімге келді. Конкурстың соңғы кезеңінде бағдарламаларын қорғауға рұқсат берілді.
Конкурстық материалдарды қорғаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы төмендегідей жеңімпаздарды анықтады. Конкурс нәтижесі бойынша орын алушылар белгіленіп, конкурс лауреаттарының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады . «Асық ойыны – асыл қазынамыз» авторлық бағдарлама I орынға ие болды. «Бала танымын дамытуға арналған белсенді әдістер» авторлық бағдарлама II орынға ие болды. Сайыс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары республикалық жинақта және оқу-тәрбие процесінде балаларды оқыту үшін пайдаланылады.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ.
Атбасар қаласы №1орта мектеп «Айналайын» шағын-орталығының тәрбиешілері: Дүйсенбі Н. Жакупова А А