Текст
"Үркер" зияткерлік орталығы ұйымдастырған білімқұмар балаларға арналған "Үркер"республикалық зияткерлік марафонының қорытындысы шығарылды. Аталған байқауға "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ "Айналайын" шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Егор Дымников дипломмен марапатталды. Шағын орталықтың тәрбиешісі Дүйсенбі Назгүл Республикалық "Үркер"марафонының жүлдегерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды марапатпен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!