Текст
Мемлекеттік мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Аталған іс-шараға 9 "А" сынып оқушысы Дьяченко Дарья қатысты. Ол Т.Айбергеновтің "Менің Республикам"өлеңін оқыды. Байқау қорытындысы бойынша Дарья жүлделі 2 орынға ие болды. Лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз!