Текст
«Оқитын мектеп» жобасы аясында Атбасар қаласының «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектеп кітапханашысы Д.А. Қоңырбаева 3 «В» сынып оқушыларымен даниялық ұлы жазушы Ганс Христиан Андерсеннің ертегілері бойынша әдеби саяхат өткізді. Балалар сұрақтарға жауап беріп, викторинаға қатысып, «Дюймовочка», «Жексұрын үйрек», «Бұршақ үстіндегі принцесса» сияқты атақты ертегілерді еске алып, талқылады.