2019 жылдың 18 қазаны күні Нұр-Сұлтан қаласында Экология Инженерия Халықаралық ғылым Академиясының «Көшбасшы педагог - 2019 ж.» Республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Макажанова Кайнеш Галымжановна жас ұрпақты оқыту ісіне қосып жүрген үлесі үшін «Көшбасшы педагог - 2019 ж.» медалімен және Абай Құнанаев атындағы Сертификатпен марапатталды.
Ғылым мен білім бір орнында тұралап қалмайды, жыл сайын жартылып, үйреншікті ережелерге түзетулер мен өзгерістер енгізілуде. Сондықтан да мұғалім тек оқытумен айналыспай, өзі де өмір бойы үздіксіз оқуы тиіс. Заманның жаңа талаптарына сәйкесу үшін мұғалімдерге түрлі ғылыми жарыстарға қатысу, өзге өңірлердегі әріптестерімен іс-тәжірибе бөлісу және өзінің білім қоржынын жаңарту керек.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеттерін дамытуда қолдау көрсеткені және олардың конференцияға баруын ұйымдастырғаны үшін білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевнаға алғыс білдіреміз!