18 қыркүйек күні, № 4 орта мектеп қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 14 жас аралығындағы ұлты қазақ емес оқушылар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты аудандық байқау өтті. Алдымен балаларды аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г құттықтады. Байқау төрт кезеңнен тұрды: 1) «Сәлем берем, сәлем беру салтымыз!». Бұл кезеңде оқушылардың өзін-өзі таныстыру рәсімі өтті. 2) «Ойдың көркі - тіл» балалар берілген тақырып бойынша әңгіме айтып берді. 3) «Сөз мәйегі». Бұл кезеңде балалар кез келген поэзиядан немесе прозадан үзінді жатқа оқыды. Ең соңғы кезеңде балалар диктант жазды. №1 мектеп атынан сайысқа 8 «А» сынып оқушысы Гарифуллина Карина қатысты. Ол барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, 2-жүлделі орынға ие болды. Біз өз оқушымызды жеңісімен құттықтай отырып, болашақта биіктерден көріне бер демекпіз!
№1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кайрбекова К.Д.