«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан мұғалімдерінің өнімді қызметтестігі ретіндегі әдістемелік сағат

17.10.2019
10 қазан күні  Атбасар ауданы білім  бөлімінде 1-ші сыныптарда жұмыс жасаушы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік сағат өткізілді. Бұл шараға   ауданының 1-ші сыныптарда жұмыс жасаушы барлық  мұғалімдері қатысты.  №1 ОМ мұғалімі Маркелова Валентина: «Формативное оценивание в начальной школе» тақырыбында баяндама жасады. Ол  қалыптастырушы бағалау түрлері, оның оқу үдерісіндегі маңызы жайлы айтты. №2ОМ мұғалімі  Исупова Анастасия Петровна  бастауыш мектептегі сабақтарда  алға қойған мақсаттарға тиімді  қол жеткізу мақсатындағы  ойындық қызметті ұйымдастыру туралы  мәселесі бойынша сөз алды. Баяндама қызықты, танымды болды. Педагог бастауыш сыныптардағы сабақтарында ойындық  технологияларды қолдану тәжіриьесін ортаға салып,  түрлі дидактикалық ойындарды көрнекі көрсетті.  №5 ОМ мұғалімі Амелина Ульяна Александровна:  «Формирование и развитие функциональной грамотности на уроках математики в первом классе в рамках обновления содержания программы»  тақырыбында өзі дайындаған әдістемелік құралын  жиналғандар назарына ұсынды, балаларды оқыту барысында аталған бағыттың маңыздылығын ашып көрсетті, оны қалай іске асыруға болатыны жайлы айтты. Шараға қатысқанн әріптестер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту тәжірибелерімен бөлісті, көптеген мәселелерді талқылалы, біраз пайдалы ақпараттар жинады, проблемалық мәселелерді талдады.   Семинар соңында барлық баяндамашылар сертификаттармен марапатталды. . Келешекте табысты жұмыс жасау және қызметтестікте болу үшін Атбасар ауданының 1-ші сыныптарда жұмыс жасаушы мұғалімдерінің желілік қауымдастығы құрылды.
 
 
М.П.Рыбинская
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.10.2019 16:44
Құрылған күні: 17.10.2019 19:08

Текст