«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру педагогтары арасындағы «Үздік педагог-2019» аудандық конкурсы

17.04.2019
 
2019 жылдың 11-12 сәуірі күні №5 «Алтын бесік»  балабақшасында мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтары арасында  «Үздік педагог-2019» аудандық конкурсы 
Конкурстың негізгі мақсаты -  педагогикалық шеберлікті арттыру, ческого шығармашылық әлеуетті дамыту,  талантты әрі бастамашыл педагогикалық қызметкерлерді анықтау, мектепке дейінгі білім беру  педагогтары туралы позитивті пікір қалыптастыру,  МДМ педагогикалық  қызметкерлерінің үздік кәсіби тәжірибелерін тарату. 
«Үздік педагог - 2019» конкурсында Атбасар ауданының 17 тәрбиешісі  өздерінің  педагогикалық шеберліктері мен эрудициясын демонстрациялады. Конкурсқа көптеген жылғы тәжірибесі бар тәрбиешілер мен қатар жас мамандар да қатысты. Барлық қатысушылар  конкурста  бүгінгі мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагогтың  қандай болу керектігі туралы өз  идеяларын, тәжірибесін  ортаға салды.  Конкурсанттар  «Менің кәсіби  кредом» атты оқытушының өзіндік перезентациясы, «Мастер - класс», «Шығармашылық зертхана» тәрізді конкурстық сынақтарда күш сынасты .
«№1орта мектеп» КММ жанындағы «Айналайын»  шағын орталығының намысын  аталмыш конкурста  «Ботақан» естиярлар тобының тәрбиешісі Дымникова Елена Анатольевна қорғады. Ол мектепке дейінгүі білім беру саласы бойынша жақсы білім көрсетті. Елена Анатольевна «Педагог-новатор» номинациясында грамотамен марапатталды. 
Конкурстық сынақтар өткізу барысы қытысушылардың ойында көптеген жарқын сәттер мен естеліктер қалдырып, жұмыстарына жаңа қарқын бергені сөзсіз.  Еңбексүйгіштік, даналық, талапшылдық, таңдаған мамандығына сенімділік  пен балалар әлеміне деген шынайы сезім барлық педагогтардың басын біріктірді. Екі күн бойы  педагогтар өздерінің жаңалықтары мен жаңашылдықтары, жетістіктері, өздерін толғандыратын мәселелер туралы айту мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар, пікірсетер тапты, жаңа жеңістерге құлшыныс тауып, шабыттанды. 
Конкурс қаланың мектеке дейінгі ұйымдарында өз істерін шынайы білетін, нағыз  тәрбиешілердің жұмыс жасап жатқанын көрсетті. Барлық педагогтарға кәсіби қызметтерінде жетістікте,  тәрбиеленушілерімен өзара түсіністік пен табысты  қызметтестікте болуын тілейміз.  
 
Позднякова Т.В., бастауыш сыныптар бойынша ОІМ


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.04.2019 12:54
Құрылған күні: 17.04.2019 13:42

Текст