«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Прометей» аулалық клубының 2019 жылдың 3 маусым 28 маусымы аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп

28.06.2019

«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ базасында ұйымдастырылған   «Прометей» аулалық клубы мектеп оқушыларының мектептен тыс  сауықтыру-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады.  Клуб демалыс уақытындағы демалыс пен сауықтыру, мәдени-адамгершілік тәрбие мен өздеріне ыңғайлы орта мен жағдайдағы тікелей  қарым-қатынастар арқылы  білім алуды ұтымды біріктіретін жұмыстарды қарастырады. 
Аулалық  клубтың мақсаты  балалар мен жеткіншектердің, оның ішінде, «тәуекел тобындағы» балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету. Салауатты өмір салтын ұстану және денетәрбиесімен, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға, дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға  деген қажеттілікті қалыптастыру. 
«Прометей»  аулалық клубының жұмыс жоспары мен   сан алуан қызметтердің жұмысы оқушылардың жас ерекшеліктерін, тұлғаның жеке қасиеттерін  дамыту мен қоғамдық мүдделерін  ұтымды   үйлестіру    ескере отырып құрылды. Балалар мен жеткіншектер аулалық клубының ерешелігі: балаларға арналған демалыстың, бастамашылықтың  қолжетімділігі, рухани адамгершілікке жұмылдыру, қауіпсіз және сауалатты өмір салты ұснанымдарын игеруге ықпал ету . 
Балалардың  физикалық белсенділігін арттыру   мақсатында  әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар тәрбиеленушелрдің физикалық дайындығына, негізгі физикалық сипаттарын дамытуға,  физикалық белсенділіктерін арттыруға  бағытталды. 
Балалар: «Городки», «Цепи», Волейбол, «Перестрелка», «Переб еги поле», «Третий лишний», «Кот и мыши», «Картошка», Футбол, «Знамя» ойындарына  қызыға қатысты. 
Баланың қалыптасуы мен дамуындағы ойындардың маңызы зор. Ойындарарқылы олар қоршаған ортаны танып біледі, оның ережелері бойынша өмір сүруді үйренеді, секіреді, жүгіреді,қуыспақ ойнайды. Ережелі ойындар бұл– барлық қатысушыларға міндетті болатын    тапсырмаларды уақытында және нақты орындаумен байланысты  саналы, белсенді қызметі. Қозғалмалы ойындар  — балаларды   өмірге дайындайтын жаттығулардың түрі. 
  «Прометей»  аулалық клубының оқушыларымен спорт залында  Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған, «Твой завтрашний день зависит лишь от тебя! Живи здоровым!  Скажи наркотикам – НЕТ!» айдарындағы: түрлі эстафеталар, «У медведя во бору», «Третий лишний», «День и ночь», «Перестрелка» қозғалмалы ойындары ойналды.  Балалар үстел үстіндегі ойындарды, шахмат, тоғыз құмалақ ойындарын ойнады. қаламыздағы ең үлкен спорт алаңы  «Локомотив» стадионына саяхатқа барды.  Стадионға   балалар жаяу барды,  жолшыбай жол ережелерін қайталады. Саяхат  спорттық сипатта болғасын гимнастикамен танысты , жүгірді және футбол ойнады.  Сондықтан да шаттыққа кенеліген, қажырлы, қуанышты балалар   спорт залына келіп, қозғалмалы ойындар  ойнауды жалғастырды.
Клуб мүшелері аудандық балалар кітапханасына барды, онда балаалрға арналыған бағдарлама әзірленді және өз қолдарымен түрлі бұйымдарды жасады. 
Балалар жақсы дем алды, күні бойы өткен қызықтан керемет қуаттанып, бір-бірімен қарым қатынас тәжірибесін жинақтады, өз ара достықтарын нығайтты.  
Жазда Жеңіс саябағы ерекше құлпырып,  қызылды-жасылды көркімен көз тартады. Бұл жерде адамдарджың дем алуы үшін барлық жағдай жасалған, отыратын орындар бар, пейзажы тамаша. Дәл осы жердің ауасы да саф таза. 
Саябақ ішінде қаладағыдай   автокөліктердің бензиінінен шыққан мүңкіген газ иісі жоқ.  «Прометей» аулалық клубына келіп жүрген оқушылар  Жеңіс саябағына саяхатқа  барды. Балалар жасыл саябақтың  аясында керемет дем алып қайтты. "Казаки -разбойники", "Знамя" ойындарына белсенді қатысты. Онда  ұйымдастырылған  «В лесном царстве», «Следопыт»  спорттық-экологиялық ойындары балаларға қатты ұнады. Тәні саудың –жаны сау болуы көбінесе,  таза аудағы серуендерге байланысты екенін естен шығармау керек. Балалар  «Олимп» спорттық кешеніндегі бассейнге  барды. Судағы ойындарды жақсы көрмейтін бала болмайды. Бала жастан бастап баланы жүзуге бейімдеп, күш-қуатын пайдалы бағытта жұмсауға көңіл аударған жөн. Бассейндегі сабақтарға жүйелі  қатысу денетәрбиесі мен шынығу үшін аса маңызды. Жан-жақты адам жүзе білуі тиіс. Жүзу дағдыларын балалық жастан бастау керек.  Бассейнде жүзу балардың судағы шаттыққа толы ойындары мен оң  эмоциялары арқылы  зор пайда келтіретін сабақтар! Жүзу-балаларды шынықтыру және олардың денсаулығын нығайту мен  физикалық  дамытудың ең қарапайым тәсілі. Сонымен қатар, ДСКгі спорт залы мен тренажер залына барылды. «Родной край» туристік саяхаты балаларды бей-жай қалдырмады. Олар табиғаттың сан алуан түріне тамсанып, ләззат алып қайтты.  Тербелген шөптердің, қызыл, жасыл гүлдердің жұпар иісі балаларды жадыратты.  Табиғаттың аясында болу маңызды екеніне көздері жетті. Қаладағы шулы өмірден шаршаған кезде табиғат аясында болып тұру керек  деген тұжырымға келді.
Оқушылар қалалық өлкетану мұражайына  барды. Олар өз өңірлерінің қалыптасу тарихымен танысты. Мұражайда жеткіншек ұрпақ игілігіне атқарылып жатқан жан-жақты өлкетанушылық, идеялық-адамгершілік жұмыстармен танысты. Рухани байып, біраз мәліметтерді білді. Жан сарайлары кеңіді. Қалалық балалар кітапханасына саяхат балаларға аса ұнады. Онда арнайы бағдарлама дайындалған, бейнефильмдер көрсетілді, сонымен қатар, өз қолдарымен бұйымдар жасауға балалар қызыға қатысты.   
Жаз – бос уақытыңды қалауыңша өткізуге мүмкіндік беретін керемет мезгіл. Аулалық. 
Оқушылардың жазғы демалыстағы  уақттарын қызықты да тартымды етіп ұйымдастыратын, олардың күш –қуаттары мен мүмкіндіктерін барынша дұрыс,  ұтымды әрі тиімді  жұмсауға бағыттаушы, балалардың  дербестігін, жеке сипаттарын дамытатын  орындардың бірі , сонысымен де қызықтырады.  Аулалық клуб достық қарым-қатынаста құрылады. Әр бала өзіне жаңа дос тапса, осы клубта өткізген әр күнін жырдай қып айтып жатса, алған әсерлері жыл бойы  есттерінде қалса демек,міндет орындалды, мақсатқа қол жетті. 

                                                                 
Тугова Л.А.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.06.2019 14:23
Құрылған күні: 02.07.2019 15:48

Текст