Қазіргі уақытта қорқытуды зерттеу және алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру жүйесінде қорқыту жағдайларының алдын алу мәселесі өте өзекті. Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Ақмола облысы
білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебі» КММ 7-сынып оқушыларымен «Бопсалауға қарсымыз!» тақырыбына алдын алушылық сипаттағы әңгіме
өткізілді. Алдын алу шараларын жүзеге асыру білім беру ұйымында қауіпсіз психологиялық кеңістік құруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Мектептің педагог – психологы Дауренбекова Гүлден Ерболқызы қорқытудың мен бопсалаудың түрлері мен зардаптары туралы айтып өтті. Әңгімелесу барысында әңгімеге қатысушылар назарына «Біз қорқыту, кибербуллинг туралы не білеміз?», «Біз қорқытуға қарсымыз!» тақырыптарында танымдық бейнероликтер ұсынылды. Кездесу соңында мектеп психологы өзіңізді қорқытудан қалай қорғау және стресстік жағдайдан және агрессиядан қалай шығу керектігі туралы ұсыныстарымен
бөлісті.