«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы - қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы жаңа көкжиектер

11.04.2020
Білімді ұрпағы бар ел, білімді қадірлейтін ұлт әрдайым кемел жетістіктерге қол жеткізетіндіктен, Елбасы білім беруді дамытуға ерекше назар аударады. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында  айтылған барлық жобалар Атбасар қ. №1ОМ педагогикалық ұжымы мен оқушылары арасында қызу қолдау тапты.  Елбасының мақаласында көзделген бағдарламаларды  жүзеге асыру үшін  біздің мектепте: ғылым, мәдениет және білім тәрзді  рухани құндылықтарды дамыту жұмысы қолға алынған. Аталған жұмыстар  елге, туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының   салт-дәстүріне  сүйіспеншілікке баулуды көздеп,  патриоттық бағытта құрылады.  Біздің  Республикамыз бәсекеге қабілетті, гүлденген мемлекетке айналды. Біз   жас жеткіншектердің бойында  туған елінің тарихи  дәстүрлеріне, мәдениетіне, рухани мәдениетіне құрмет сезімдерін қалыпсатыруға міндеттіміз. Оқу жылы барысында мектепте «РуханиЖаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген шаралар өткізілді. «РуханиЖаңғыру» бағдарламалық мақаласы шын мәнінде   - қазақстандық қоғамның  рухани дамуындағы  жаңа көкжиектерін ашуда. 
 Н.Ә.Назарбаев қоғамды рухани жаңғыртудың алты негізгі бағыттарын: ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау,  білімділік мәдениеті, Қазақстанның эволюциялқ дамуы және сананың ашықтығы деп белгілеген. Мектепте бағыттардың деректері және  олардың мемлекет үшін маңыздылығы бойынша стенд безендірілген. 
Заманауи білім берудің жетістіктері — бұл Тәуелсіз Қазақстанның  жемістері. Бүгінгі күні үш тілді оқыту және латын харпін енгізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ал өлкетанушылық жұмыстар арқылы  мәдени құндылықтар зерделенеді, тарихтың жаңа беттері ашылады. Мемлекетіміздің дана саясатының арқасында дамыған 30 елдің қатарына ену үшін  көптеген істер атқарылып, жетісіктерге қол жеткізілді,рухани байлықты үстемелеу  қажет. Сонымен қатар, мектебімізде  аталмыш бағдарлама енгізілгелі бері талай сынып сағаттары, аудандық және мектептік сыныптант тыс шаралар өткізілді. Келешекте де,   оқушылармен өткізілетін сынып сағаттары, тақырыптық көрмелер,  эссе конкурстардан құралатын  іс-шаралар  жоспар жасалатын болады. Елбасы  ата-бабаның қанымен келген  тарихи мұраларды,  мемлекеттің   сәйкестігі мен тұтастығын, іргесінің беріктігін  сақтауға үндейді. Бүгінгі күні әрқайсымыздан оның келешек дамуына ауқымды үлес қосу талап етіледі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.04.2020 09:33
Құрылған күні: 11.04.2020 09:33

Текст