«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мереке алдындағы қуанышты сәттер...

13.12.2019
Тәуелсіздік - қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы аңсаған арнамы, мемлекет тарихының беттеріндегі ерекше оқиға. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің айтуы бойынша - «республикамыздың  тәуелсіздігі қазақстандықтар  үшін ең қымбат  қасиетті құндылық"  Жыл сайын 16 желтоқсан күні біз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелейміз.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында білім, өнер, спорт, саясат қайраткерлерін  марапаттау игі дәстүрпге айналған.  Мемлекеттің  қалыптасуындағы  іргетастарының бірі болып табылатын жетекші саланың бірі – білім беру.  Ұстаз еңбегі елеулі әрі құрметті. Осынау мереке қарсаңында ұстаздар лайықты марапатқа ие болып, алғыс алып  жатса  нұр үстіне нұр.  Орыс тілі және әдебиет мұғалімі Токтарова Гульнар Казкеновна.  Қазақстан Республикасы Президентінің  Құрмет Грамотасымн марапатталды.
Ұстаз  барлық ғұмырын жас жеткіншектерді оқыту және тәрбиелеу үдерісіне арнады.  Гульнар Казкеновнаның шексіз шығармашылығы мен ойлы идеялары  ауданның барлық   педагогтары үшін  үлгі–өнеге,  бағыт бағдар болып отыр.. 
Музыка мұғалімі Тушембекова Нурсулу Тельмановна  өмірлік белсченді тұрғысы  және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытқаны үшін Атбасар ауданің Алғыс хатымен марапатталды
Мектеп ұжымы осындай  педагогтармен қатар жүргенін мақтаныш етеді және шын жүректен құттықтап ең игі тілектерін жолдайды! 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.12.2019 17:52
Құрылған күні: 18.12.2019 16:09

Текст