Текст
2023 жылғы 1 желтоқсанда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де шахматтан облыстық жарыстарды өткізу туралы ереженің негізінде жалпы орта білім беретін мектептердің 7-8 сыныптарындағы ұлдар мен қыздар арасындағы ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша Атбасар қаласының №1 ЖОББМ тартысты күресте 3-орынға ие болды! Команда құрамында келесі оқушылар болды; Иван Утков 7 «В» сынып, Әли Исмағамбетов 8 «А» сынып, Азиз Карибаев 7 «Б» сынып, Ищенко Эвелина 8 «Б» сыныбы. Командаға сертификаттар табыс етілді.
Сізге алдағы уақытта да спорттық жеңістер тілейміз!
Дене шынықтыру мұғалімі Шпиц-Берг М.Ф.