Текст
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Zoom платформасы арқылы семинар-практикум өткізілді. Аталған семинарға Атбасар ауданы мектептерінің педагог-психологтары, білім бөлімінің әдіскері Е.В. Завьялова қатысты. Күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды: "Социометрия" диагностикасы; "Білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу". "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ педагог – психологы Е. П. Онопка практикум қатысушыларымен Дж. Морено диагностикасын жүргізу тәртібімен бөлісті. Сөз соңында диагностика нәтижелерін өңдеу бойынша ұсыныстар берілді.