«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы дала ұрпақтары» Республиқалық ғылыми-практикалық конференциясы

29.09.2019
Әр баланың бойында жанып тұрған күн бар, тек оны жарқырата біліңіз!
Сократ.
 
 
2019 жылдың 28 қыркүйегі күні Нұр-Сұлтан қаласы мектеп-лицейінде №27  «Ұлы дала ұрпақтары» Республиқалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 3 «А» сынып оқушысы Мотузков Павел мен Шайхисламов Марк (сын.жет. Макажанова К.Г.) конференцияға қатысты.
Балалар сапарға аттанар алдында мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна мен бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі  Позднякова Татьяна Викторовна балаларға  конференцияда лайықты көрініп, Жеңіспен оралыңдар деген  тілек білдіріп, сәтті сапар тіледі. 
Мотузков Павел: «Лего-конструирование-первый шаг к робототехнике», Шайхисламов Марк  «Набережная моей мечты» атты жобаларын ұсынды. Конференция қатысушыларының  зерттеушілік жұмыстары мен қорғау барысын сараптамалық кеңес бағалады. Олардың пікірі бойынша, біздің оқушылар ғылыми-зерттеушілік қызмет  саласында лайықты нәтиже танытқан.
Нәтижесінде, Павел мен  Марк 1-ші  орын иеленіп Жеңімпаз атанды,  Сертификаттар Дипломдар және Медальдермен марапатталды!  
Марк пен  Павелдің ата-аналарына сапарды ұйымдастырғаны үшін алғысымыз шексіз. Керемет балаларыңыздың  тамаша қабілеттерін дамытуда Сіздердің бастамаларыңыз шамшырақтай жарқырап, жолын аша берсін!
Осындай жас дарындарды қолдап, қамқорлық танытқаны үшін Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы  Наймушина Наталья  Георгиевнаға  шексіз алғыс білдіреміз.
 
Макажанова К.Г.
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.09.2019 20:10
Құрылған күні: 30.09.2019 10:40

Текст