Текст
2019 жылғы 22 қарашада «Олимп» ДСКде жүзу, үстел үстіндегі теннис бойынша мектеп кәсіподақ қызметкерлерінің арасында Атбасар ауданы білім беру жүйесінің 100 жылдығына арналған жарыстар өткізілді. Бұл шараға: денетәрбиесі мұғалімдері Тугова Л.А., Шпиц-Берг М.Ф., директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Кусаинов М.Ж., мектеп ШІ меңгерушісі Жуковский Д.А. қатысты. Олар мектеп намысын лайықты қорғап, бірінші орынды жеңіп алды. Денетәрбиесі мұғалімі Шпиц-Берг М.Ф. жүзуден 3 орын алды. Тугова Л.А. үстел үстіндегі жарыстан 4орын алды. Жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!