1 қараша 20 қараша аралығында Қазақстан Республикасы педагогтер Қоғамы жоғары оқу орындарында, жалпы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балабақшаларда және басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істейтіндер арасында "Тәуелсіз ел мұғалімі – 2021" республикалық конкурсын өткізді. Бұл байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен педагогтар қатысты. Педагогтердің кәсіби жетістіктері мен ғылыми-әдістемелік, қоғамдық-мәдени, саяси бағыттарда атқарылған жұмыстар мен оқушылардың жетістіктері негізінде балдық жүйе бойынша іріктеу өткізіліп, 10082 қатысушыдан 1292 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздардың арасында "Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Щербак А. Н., Утеуова А. Б., бар. Мектеп ұстаздарын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс тілейміз!