Текст
    
                                
            Атбасар қаласының "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де мектеп кітапханашысы Д.А. Конурбаева оқушылар үшін "Дені саудың рухы сау"тақырыптық  сөресін  ұсынды. Сөреде оқушылардың назарына: Д. В. Каясов, "Гигиена және санитария негіздері", 
Ю.Н. Чусов, "Оқушылардың шынығуы", В. Н. Ягодинский, " Мектеп оқушысына никотиннің зияны туралы", А. А. Дубровскийдің "Балалардың денсаулығы-халықтың болашағы"кітаптары ұсынылған. Әр кітапта  білім алушыларға салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, гигиена негіздері, шынығу  тақырыптары ашылады.
